00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан хоккейшілері бүгін АҚШ құрамасымен кездеседі

31.03.2023 | 22:03
Елорда ақпарат
114

Бүгін хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы Лейк-Плэсидте өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан – АҚШ кездесуі Астана уақыты бойынша 20:30-да басталады.

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 12 ұпай бар. Қазақстан негізгі уақытта төрт рет жеңіске жетіп, үлкен нәтиже көрсетті. Бұған дейін Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Корея (5:1), Венгрия (9:1), Ұлыбритания (15:1) және Словакия (4:0) құрамаларын жеңді.

Командалардың топтағы орнына келсек, Қазақстан – 12 ұпай (4 матч), Словакия – 9 ұпай (4 матч), АҚШ – 6 ұпай (3 матч), Венгрия – 6 ұпай (4 матч), Оңтүстік Корея – 0 ұпай (3 матч), Ұлыбритания – 0 ұпай (4 матч). Бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Все новости