00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына Головкин мен Әлімханұлы енді

31.03.2023 | 22:02
Айман Нығмет
110

Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингте украиналық боксшы Александр Усик көш бастап тұр. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ. Ал үшіншісі сатыда - мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді. Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингісінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.
Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы - осы дивизионда WBO чемпиондық белдігінің иегері.

Все новости