00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық теннисші жылдың үздік спортшыларының тізіміне енді

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
93

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) қазақстандық Тимофей Скатовты 2022 жылы «Челленджер» турнирлері аясында өзін жақсы жағынан көрсеткен үздік бес спортшының қатарына қосты, хабарлады Elorda.info ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

АТР үздік деп таныған жас теннисшілер қатарында Тимофейден бөлек, Габриэль Диалло, Франческо Пассаро, Лука ван Асшелер бар.

Пармадағы (Италия) турнирде жеңіске жету арқылы Скатов 2022 жылы ATP Challenger Tour бәсекелерінде чемпион атанған жалғыз қазақстандық спортшы атанды. 21 жастағы Скатов грунтпен жабдықталған корттарда жақсы өнер көрсетеді. Ол 2022 жылы «Челленджер» турнирлерінде алты рет жартылай финалға жеткен. Қыркүйек және қазан айларында қазақстандық спортшы 16 матчтың 14-інде жеңіске жетіп, АТР рейтингінде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласы Федерико Кориені жеңді, - деп жазылған АТР ресми сайтында.

Все новости