Елордада БАҚ өкілдері арасында волейболдан турнир өтті
![](/img/articles/uploads/6396975240979947649655_cd3989e30d.jpg)
Астанада БАҚ өкілдері арасында Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қорының жүлдесі үшін волейболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
8 команда қатысқан додада "Қазмедиа" командасы топ жарды.
Командалар жеребе бойынша екі топқа бөлінді. "А" тобында "7 арна", "Айқын" газеті, "Qazcontent" агенттігі, "Комментатор" командалары ойнаса, "В" тобында "Atameken business" телеарнасы, "Хабар" агенттігі, "Егемен Қазақстан" газеті және "Қазмедиа" орталығы өнер көрсетті.
Осылайша қос топтан жартылай финалға "Қазмедиа" – "7 арна", "Qazcontent" – "Atameken business" командалары шықты. Ал бас жүлдеге "Қазмедиа" мен "Qazcontent" таласты. Өте тартысты өткен ойын екі сетпен аяқталса да, командалар аянып қалған жоқ. Соңына дейін қайсысының жеңімпаз болары белгісіз болды. Дегенмен, бас кубок "Қазмедиаға" бұйырды. Үшінші орынды "Atameken business" ойыншылары еншілесе, жұбаныш жүлдесін "7 арна" алды.
БАҚ өкілдерінің басын қосқан турнирде ешкім жүлдесіз қалған жоқ. Чемпион команда 300 мың теңгеге ие болса, 2-орын иегері 200 мың теңгені еншілеп, үздік үштікті түйіндеген ұжым 100 мың теңгемен марапатталды. Тіпті, 4-орын алған командаға да жұбаныш ретінде 70 мың теңгенің сертификаты берілді. Сондай-ақ, 6 номинация бойынша жекелеген ойыншылар 40 мың теңгеден иеленді.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)