00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақ көкпаршылары қырғыздардан басым түсті

31.03.2023 | 17:38
Елорда ақпарат
102

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Қазақстандықтар көкпардан ақтық сында ойнады, деп хабарлады Elorda.info.

Көкпар Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет еніп отыр, осыған дейін шабандоздар көкбөрі ойнаған болатын.

Көкпардан Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Венгрия командалары келді. Ауғанстан аттарының мәселесі шешілмеуіне байланысты ойын көрсете алмады.

Көкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды Өзбекстанмен ойнап, 8-1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші ойынды Моңғолия құрамасымен ойнап, 12-2 есеп айырмашылығымен финалға шықты.

Финалда Қырғызстанның командасымен ойнаған құрама жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті.

Ұлттық құрама мүшелері Ұ.Байтөреев, А.Нышанбеков, Қ.Тұрғанбек, А.Жамалбеков, Қ.Тоғайбаев, Е.Құрманбай, Б.Әзімбаев, И.Рәт, Д.Айтан, А.Бердіқұл, Ы.Әліпбаев, Ә.Мамыт ел намысын абыроймен қорғады.

Қырғыз шеңберіне Әділет Мамыт 2 салым, Құрманбек Тұрғанбек 1 салым, Абылайхан Нышанбеков 1 салым салды.

Все новости