00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ұлттар лигасы: Қазақстан Әзербайжаннан жеңіліп қалды

31.03.2023 | 17:25
Елорда ақпарат
77

Бакуде өткен ойында Қазақстан құрамасы алаң иелері Әзербайжан футболшыларынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ойынға дейін турнир кестесінде жағдайды шешіп қойған Магомед Адиев бірқатар негізгі ойыншыларды алаңға алғашқы минуттан бастап шығармады. 

Бірінші таймда қос тарап есеп аша алмай, тең тарқасты. Алайда, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қызыл қағаз алып, ойынды үзіліске дейін аяқтауға мәжбүр болды. Сан басымдығын пайдаланған Әзербайжан құрамасы екінші таймда жауапсыз үш гол соқты. 

Әзербайжан – Қазақстан – 3:0 (0:0)

Голдар: Марочкин 66 (автогол), Озобич 74, Нуриев 90+1

Ескерту: Дадашов 27, Магомедалиев 36, Эмрели 86 – Оразов 29, Әліп 35, Садыбеков 83

Алаңнан қуылған ойыншы: Әліп 35 (екінші ескерту).

Все новости