00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дәурен Абаев 2022 жылғы Сурдлимпиада жеңімпаздарын құттықтады

25.02.2023 | 09:47
Елорда ақпарат
76

Сурдлимпиадада елімізді спорттың 8 түрінен 63 спортшы таныстырып, жарыс нәтижесіне сай ұлттық құраманың қоржынына 28 медаль салған болатын. Атап айтқанда, 3 алтын, 7 күміс және 18 қола медаль.

Қазақстандық спортшылар Олимпиадада ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сіздердің жеңістеріңіз Сурдлимпиадалық спортты дамытуға серпін береді деп үміттенеміз. Барлық спортшыларға, жеңімпаздарға, жаттықтырушыларға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздерді жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - деді марапаттау рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, XXIV Сурдлимпиадада бірінші орын алғандарға 250 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы және тұрғылықты жері бойынша үш бөлмелі пәтер беріледі. Екінші орын алған спортшыларға – 150 мың АҚШ доллары және екі бөлмелі пәтер, үшінші орын үшін – 75 мың АҚШ доллары және бір бөлмелі пәтер беріледі.

Все новости