00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Бүгін елордада ат жарысының жазғы маусымы ашылды

25.02.2023 | 08:21
Елорда ақпарат
106

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев барлық қатысушыны маусымның ашылуымен құттықтады.  

2022 жылғы жазғы спорттық маусымның ашылуына арналған ат спорт жарыстары өз бастауын алды. Тәуелсіздік жылдары біздің елімізде, халқымыздың ежелгі дәстүрлерімен бірге ұлттық спорт түрлері де жаңғыра бастады. Оларға қазіргі таңда ерекше назар аударылуда. Спорт түрлері ішінде ұлттық спорт басымдыққа ие. Олар – қазақ халқының рухы. Спортшыларға жоғары нәтиже көрсетіп тілеймін. Ат спорт түрлерінің жарыстарын ашық деп жариялаймын, - деді  вице-министр.

Дәстүрлі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150-ден аса спортшы мен 60-қа жуық келісті жылқы қатысты. Бірінші кезекте үш шақырымдық тай жарысы, артынша жеті шақырымда құнан бәйге өтті. Ат жарысының көркін 18 шақырымдық аламан бәйге қыздырды. Бас жүлде Нұр-Сұлтан қаласының «Алғыр» атты қаракеріне бұйырды. Екінші орынды Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан келген бес жасар «Қанатықара» қара айғыр еншіледі. Үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысынан келген таза қанды бес жасар «Ақмаңдай» торы табан тіреді.

Үздік шабандоздар мен ең жүйрік аттардың иелеріне Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының демеушілігі есебінен ақшалай және бағалы сыйлықтар, сондай-ақ медальдар табысталды.

Айта кетейік, жамбы ату және теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-6 маусым күндері, жастар чемпионаты маусымның 9-13, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымға дейін «Қазанат» атшабарында өтеді.

Все новости