00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

25.02.2023 | 07:56
Елорда ақпарат
131

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен жалпы саны 150-ден аса спортшы қатысады.

Жамбы атудан ел чемпионаты корей, түрік және қазақ стильдері бойынша өтеді.

Теңге ілу чемпионатының биылғы ерекшелігі – ережеге енген өзгеріске байланысты, іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады.

Жарыс жеңімпаздарына бас серіктес – Sport Qory қаржылай жүлде тағайындаған. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

Жарыстың ашылу салтанаты Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, 4 маусым күні 10:00-де басталады.

Сондай-ақ ашылу салтанаты аясында төрт қашықтықта (тай, құнан, кіші аламан, аламан) бәйге жарысы болады.

Жарыс кестесіне сәйкес,  жамбы ату және теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-6 маусымда, жастар чемпионаты 9-13 маусымда, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымда өтеді.

Все новости