00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада пара-каратэден қалалық чемпионат өтті

25.02.2023 | 06:01
Елорда ақпарат
93

Турнирге 60-тан астам спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спорт, дене шынықтыру және балалар басымдыққа ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін қолдаудың жаңа институтын енгізуді тапсырды. Осыған байланысты Президент Жолдауын қолдау мақсатында балалар, жастар және мүгедектіктің барлық түрлері бар ересектер қатысқан чемпионат ұйымдастырылды. Бұл мүгедектер арбасына таңылған, көрмейтін, саңырау мылқау, ақыл-ойы бұзылған және аутизм ауруы бар балалар. Чемпионаттың басты мақсаты – елордада осы спорт түрінің танымалдылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысатын мықты спортшыларды анықтау", - деді спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Аталған чемпионат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.

Турнирге мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Бұл пара-каратэ чемпионаты мемлекеттік реформасы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Барлық балалар Нұр-Сұлтан қаласында «ARTSPORTEDU» мемлекеттік бағдарламасы аясында № 10, 37 және 91 мектептердің секциялары мен үйірмелерде қаржыландыру бойынша жаттығады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жасөспірімдер спорт мектебінде де білім алып жатыр. Бұрын мұндай жарыстар тек денсаулығы жақсы балалар арасында өткізілетін. Қазір мүгедек балалар арасында да жиі өтеді. Жарысқа 60-қа жуық спортшы қатысты, – дейді Пара-каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.

Жарысты ҚР Пара-каратэ федерациясы, Нұр-Сұлтан қаласының WKF каратэ-до және дәстүрлі жауынгерлік өнер Федерациясы және №91 мектеп-гимназиясы ұйымдастырды.

Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Все новости