00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада БАҚ өкілдері арасында футзалдан республикалық турнир басталды

25.02.2023 | 05:13
Елорда ақпарат
97

Іс-шараға ИИДМ аппарат басшысы Ерболат Мұқаев, ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы қатысты. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған турнир қазақстандық БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, журналистер мен редакциялардың шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізіледі.

Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 18 команда қатысуға ниет білдірді. Жеребе қорытындысы бойынша олар 4 топқа бөлініп, әр топтағы екі мықты команда плей-оффқа жолдама алады. Турнир 23 сәуірде аяқталады деп жоспарлануда. Барлық ойындар "University Sports Centre" кешенінде өтеді.

BAQ liga журналистер лигасы — БАҚ командалары арасында мини-футболдан тоғыз маусым көлемінде және волейболдан чемпионат өткізген, БАҚ ұжымдарына арналған кездесу алаңы. Жалпы BAQ liga өткізген жарыстардың барлық маусымына еліміздегі 70-ке жуық БАҚ-тан 700-ден астам журналист қатысты. Турнир серіктестері болып дәстүрлі түрде Qazaq geophysics және Kazakhmys barlau компаниялары табылады.

Все новости