00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан – Германия матчы басталады

25.02.2023 | 04:44
Елорда ақпарат
53

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қос командадан бірінші болып Юлия Путинцева мен Анжелика Кербер шеберлік байқасады.

Бұған дейін қарсыластар екі рет кездескен. Есеп – 2:0, А.Кербердің пайдасында. Кезінде әлемдік рейтингте көш бастаған «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы 2018 жылы қазанда Люксембургте – 6:3, 6:1, 2019 жылы Индиан-Уэллсте 6:0, 6:2 есебімен басым түскен.

Осы ойын біткеннен кейін Елена Рыбакина мен Лаура Зигемунд кортқа шығады. 2019 жылы АҚШ-тағы жарыстарда Е.Рыбакина қарсыласын екі мәрте жеңсе, 2021 жылы германиялық теннисші Дохада қарымта қайырған.

Сенбі күні бірінші бәсекеде Елена Рыбакина мен Анжелика Кербер ойнайды. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі болмақ.

Сосын Юлия Путинцева Лаура Зигемундпен тайталасады. Лаура 2014 жылы Юлияны жолдан тайдырса, 2021 жылы ақпанда Аустралиядағы Аделаида додасында қазақстандық теннисші қарсыласын тізе бүктірді.

Егер бесінші кездесу өткізу қажет болса, жұптық сында Елена Рыбакина/Анна Данилина, Германия тарапынан Анна-Лена Фридзам/Юле Нимайер мықтыны анықтайды.

Матч бүгін елорда уақытымен сағат 13.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Все новости