00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді

25.02.2023 | 04:09
Елорда ақпарат
123

Бірінші болып Мурата сөйледі. Ол Жапонияда жекпе-жек өткізуге қолда бар жағдайдың бәрін жасаған промоутерлерге алғысын айтты.

 Головкинмен керемет айқас болады. Кездесуге келіңіздер. Осыны ұйымдастырған және маған тамаша жекпе-жекті сыйлағандарға тағы да алғыс айтамын, – деп сөзін қысқа қайырды ол.

Ал Геннадий Головкин Жапонияға келгеніне риза екенін айтты. 

Оқи отырыңыз: 

Осы жерді дайындағандарға рахмет! Жапонияға келгеніме ризамын. Муратамен кездескеніме және титулдық жекпе-жек өткізетінімізге қуаныштымын. Муратаны құрметтеймін. Менің ойымша, екеуміз де жақсы дайындалдық. Өйткені екеумізде де көп уақыт болды. Бұл жақсы жекпе-жек болады. Мен әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, осы кездесуді ұйымдастырған промоутерлер мен өкіметке алғыс айтамын. Бұл үшін аянбай еңбек еткендердің үмітін ақтағым келеді, – деді.

Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді. Шаршы алаңда Головкин өзіне тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдарын сақтау, ал Мурата WBA Super белбеуі үшін қолғап түйістіреді.

Все новости