Футзалдан БАҚ лиганың оныншы маусымы мәресіне жетті
![](/img/articles/uploads/624d031319398705910716_7c16668990.png)
2021 жылы 5 желтоқсанда басталған футзалдан BAQ liga чемпионаты биыл «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойына арналды. Әр жексенбі сайын елорда журналистерінің басын қосқан BAQ liga чемпионаты «А» және «В» лигаларына бөлінді. Чемпионның тағдыры соңғы турға дейін белгісіз болып, бас жүлдені «7 арна» командасы мен «Қазмедиа» орталығы сарапқа салды. Нәтижесінде чемпиондық ойын «Қазмедианың» пайдасына шешіліп, 4:1 есебімен жеңген олар тұңғыш рет BAQ liga чемпионы атанды. 2-орын «7 арнаға» бұйырса, «National Geographic Qazaqstan» командасы үздік үштікті түйіндеді. Ал «В» лигасында «Еуразия+ОРТ» командасы жеңімпаз атанып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы күміспен күптелді. Үшінші орын «Kazaknews.kz» командасына бұйырды.
Сондай-ақ, үздік ойыншылар да марапатталды. Команда капитандары арасындағы дауыс беру нәтижесінде «А» лигасының үздігі «Қазмедиа» ойыншысы Құмарбек Азат атанса, «В» лигасында «Еуразия» бірінші арнасының қызметкері Жандос Манашев үздік деп танылды. Ал былтырдан бастап тағайындалған Амангелді Сейітхан атындағы арнайы жүлде биыл «Хабар 24» редакторы, «Қазмедиа» қақпашысы Қанат Базылханға бұйырды.
Марапаттау рәсіміне Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, «7 арна» бас директоры Ерлан Игісінов, «Қазақ радиолары» ЖШС-ның бас директоры Ернұр Бурахан, ҚР Мемлекеттік хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес және «БАҚ лига» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли қатысты.
Айта кетейік, байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен BAQ liga – Қазақстан БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, редакциялар арасында көпір орнатып, әріптестік татулықты арттыруға бағытталған жоба. Бес жылдың ішінде BAQ liga аясында БАҚ өкілдері арасында 10 футбол маусымы, 2 волейбол маусымы өтіп, оған барлығы 70-тен астам редакциядан 1000-ға жуық БАҚ қызметкерлері қатысты.
Енді шағын футболдан БАҚ лиганың жазғы чемпионаты мамыр айында басталады.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)