00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Qazsport» телеарнасы қысқы Паралимпиада ойындарын көрсетеді

25.02.2023 | 01:53
Елорда ақпарат
98

Қазақстандықтар 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтетін қысқы Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көре алады. Жаһандық дода әлемнің 50 елінен келген 700 спортшының қатысуымен өтеді.

XІІІ қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен қатысып, ел намысын қорғайды.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00 басталады. Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Телеэфирден бөлек, Паралимпиадалық жарыстарды арнаның www.qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.

Все новости