00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бейжің-2022: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

24.02.2023 | 23:39
Елорда ақпарат
97

Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Ерлерден Евгений Величко мен Виталий Пухкало өнер көрсетеді, ал әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. 

Ал екі биатлоншымыз Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. 

Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта ел намысын қорғайды. 

Сонымен қатар, шайбамен хоккейден әйелдер арасындағы турнир жалғасады. Керлингтегі аралас жұп жарысында жүлделер сарапқа салынады. Әйелдер арасындағы шана жарысы, ерлер арасында мәнерлеп сырғанау, сноуборд жарыстары өтеді.  

8 ақпандағы жарыс кестесі:

Шаңғы жарысы
14:00 Жекелей спринт. Іріктеу. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс.
16:30 Жекелей спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс.

Биатлон
14:30 Жекелей жарыс, 20 км. Ерлер.

Конькимен жүгіру спорты
16:30. 1500 м. Ерлер

Все новости