00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Мына костюмдер от»: Олимпиада комитеті Қазақстан құрамасының киім образы жайлы

24.02.2023 | 23:29
Елорда ақпарат
131

Салтанатты рәсімде Қазақстанның байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алып шыққан болатын. Бүкіл әлем көз тіккен салтанатты рәсімде Әжіғалиев қазақ батырының кейпінде, Айдова әйгілі сақ патшайымы Томиристің образында шықты. Бұл шетелдіктердің назарын бірден аударды. 

Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми аккаунты үздік костюмдердің қатарына Қазақстан командасының киім үлгісін де қосты.

Бейжіңде расында суық шығар, бірақ бұл костюмдер от, – делінген жазбада.

Ағылшынның The Guardian басылымы ашылу салтанатындағы есте қаларлық 11 оқиғаның қатарына қазақстандықтардың костюмін де қосқан.

Конькиші Екатерина Айдованың костюмі көп елді шаң қаптырып кетті, – деп жазды басылым.

Тағы да оқыңыз: Forbes журналы Қазақстанның олимпиадалық формасын үздіктер қатарына қосты

Айта кетелік, Қазақстан командасының ту ұстаушылары киетін костюмді отандық дизайнерлер үш ай бойы дайындаған.

Все новости