Елорданың үздік спортшылары анықталды
![](/img/articles/uploads/61cd493ff1a7f304194444_f52dc7239c.jpeg)
Іс-шара қонақтары қатарында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, әлемнің 4 дүркін рекордшысы, сонымен қатар қазақтың әйгілі палуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың дәстүрін жалғастырушы, гір спортынан спорт шеберіне үміткер Сергей Цырульников, Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы президенті Ержан Біржанов болды.
Сондай-ақ, еліміздің танымал спортшылары мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен спорт қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа баса мән беруіміз керек деген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгінгі таңда бірқатар жұмыс қолға алынды. Бүгінгі үздіктер сол жетістіктердің дәлелі. Келесі жыл да біздің спортымыз үшін жемісті жыл болады деген сенімдеміз. Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Егемен еліміз өркендей берсін! Спортшыларымыз көк байрағымызды биікте желбіретіп, әнұранымызды асқақтата бергей! Жеңісті күндеріміз көп болсын!, – деді МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.
Жыл қорытындысы бойынша Олимпиадалық, олимпиадалық емес спорт түрлерінен дамыту дирекциялары спортшылары мен жаттықтырушылары, сол сияқты қала әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, басқармаға қарасты мекемелер арасында «Үздік мекеме», «Үздік басшы», «Үздік басшы орынбасары», «Үздік әдіскер», «Үздік есепші», «Үздік кадр маманы», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік заңгер», «Үздік баспасөз хатшысы», «Жыл қызметкері», «Үздік спортшы», «Үздік дәрігер», «Үздік психолог» және «Үздік дизайнер» аталымдары бойынша 14 арнайы жүлде табысталды.
Ал жылдың «Үздік мекемесі» аталымын Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы жеңіп алды.
Осы жылғы жыл қорытындысы бойынша «Үздік басшының орынбасары» жүлдесі маған бұйырды. Мен өзім «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясында» қызмет етемін. Өте қуаныштымын. Бұл тек менің жеңісім емес, барлық ұжымның жеңісі деп есептеймін. Еңбегіміздің бағаланғанына алғысым шексіз, – деді «Үздік басшы орынбасары» Лола Тоқтамұратқызы.
Мерекелік іс-шара барысында жылдың үздіктеріне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)