Елордада скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті
![](/img/articles/uploads/61c9528fdf4cd357058667_d897a0dc47.jpg)
Қазан, қараша және желтоқсан аралығында елорда тұрғындарына тегін жаттығу үшін спорттың 11 түрі ұсынылды. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар қатысты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтып кеткендей, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен "Қолжетімді спорт" жобасы қолға алынған болатын. Қазан, қараша, желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан қаласының барлық саябақтарында, сонымен қатар қысқы уақытта қаланың 40 аумағында 5 мыңнан астам адам "Қолжетімді спорт" жобасы аясында спорттың 11 түрімен айналысты. Бүгінгі скандинавиялық жүгіріске 200-ге жуық жас және ардагер спортшы қатысып жатыр, - деді қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Сабақтар қазан айында елорданың саябақтары мен алаңдарында жүргізіліп, күн суыта бастаған соң барлық сабақтар елорданың жаттығу орталықтарына ауыстырылды. Кез келген қала тұрғыны аптасына 3 рет жаттығуға мүмкіндік алды. Жаттығулар аула клубтарында, спорт орталықтарында және спорт сарайларында, соның ішінде "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика аренасында, "Тәуелсіздік" сарайында және «Алау» мұз айдынында өтті.
Жоба елорда тұрғындары арасында танымал болды. Жобаға 3 айда 20 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында елорда тұрғындары үшін барлық сабақтар тегін өткізілді.
Мен зейнеткермін. Осы скандинавиялық жүріске қатысып жатқаныма үш ай болды. Қалалық әкімдікке, өзіміздің тренер Гүлзипа Құмырағазықызына үлкен алғыс айтамыз. Бізге таяқшаны тегін берді. Күн сайын жаттықтырады. Бұл – денсаулыққа өте пайдалы. Қан айналымына жақсы әсер етеді. Алғысымыз шексіз! - деді қала тұрғыны Есгүл Қалиева.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға сәйкес, елордада "Қолжетімді спорт" жобасы іске қосылып, оның аясында елорда тұрғындары спорттың 11 түрі бойынша ашық ауада, жабық алаңдарда жаттығуларға қатысқан болатын. Барлық дерлік сабақтар білікті жаттықтырушылармен тегін өткізілді.
Аталған жоба 2022 жылы да өз жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)