00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада мемлекеттік қызметкерлер үстел теннисінен бақ сынап жатыр (ФОТО)

24.02.2023 | 20:37
74

Іс-шараға Nur Otan партиясы Төрағасының  бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және қала әкімі Алтай Көлгінов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатқан турнирге қош келдіңіздер. Біз үшін өте керемет күн, осындай жарысқа қатысып жатырмыз. Турнирге 60-қа жуық ер, 20 шақты қыз-келіншек қатысуда. Осы жарысты ұйымдастыруға көп септігін тигізген қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновке алғысымды білдіремін. Сонымен қатар бүгінгі турнирге келген құрметті қонақтарға, соның ішінде Ералы Лұқпанұлы және Ақтоты Рахметоллақызына ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі жарысқа қатысушылар арасында чемпионды анықтайық, баршаңызға 
сәттілік, әділдік тілеймін, - деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. 

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та сөз сөйлеп, бүгінде үстел теннисімен айналысатын спортшылар саны артқанын атап өтті.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа баса мән беруіміз керек деген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгінгі таңда бірқатар жұмысты қолға алдық.
Үстел теннисі қазіргі кезде көпшіліктің сүйікті спортына айналып үлгерді. Еліміз бойынша бұл спорт түрімен жүйелі түрде айналысатындар саны 106 мыңға жеткен. Ал күнделікті айналысатын спортшылар саны 7000-нан асады. 
Қазақстанда үстел теннисіне арналған арнайы 15-тен аса спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың үшеуі Қарағанды, Павлодар, Тараз қалаларында орналасқан кәсіби спорт кешендері.  
Үстел теннисі бүгінгі таңда бұқаралық сипат алып, қарқынды дамуда. Оған бүгінгі іс-шара да дәлел бола алады. 
Баршаңызды еліміздің төл мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! Егемен еліміз өркендей берсін!
Спортшыларымыз көк байрағымызды биікте желбіретіп, әнұранымызды асқақтата бергей! 
Бүгінгі додада шын мықтылар жеңіске жетеді деген сенімдемін! Жеңісті күндеріңіз көп болсын! - деді ол. 

Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді бұқаралық спортқа тарту, достық қарым-қатынас орнату.

Еске сала кетсек, іс-шара Nur Otan партиясының бастамасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және қалалық Үстел теннисі федерерациясының қолдауымен өтіп жатыр.

Турнирде 80-нен астам мемлекеттік қызметші өнер көрсетуде.  

P.S. Ақпарат толықтырылды. Жарыс қорытындысы: 

Әйелдер арасында;
І орын - Әйгерім Назарова (Қаржы министрлігі) 
ІІ орын - Ләззат Жаханова (Білім және ғылым министрлігі) 
ІІІ орын - Лилия Сәрсенова (Табиғи ресурстар және экология, геология министрлігі); 

Ерлер арасында:
І орын - Бауыржан Мұрат (Президенттің іс басқармасы)
ІІ орын - Бауыржан Байбек (Nur Otan партиясы) 
ІІІ орын - Дәулетбек Ғабитов (Қаржы министрлігі). 

Все новости