Елордада волейболдан BAQ liga-ның екінші маусымы басталды
![](/img/articles/uploads/6190cf9d3147f609250320_25fb92e774.jpg)
ҚР Спорт және туризм индустриясын қолдау қорының 10 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған біріншілік әр сенбі және жексенбі сайын өтіп, желтоқсанның 18-күні мәресіне жетеді. Ойындар №5 Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтеді.
Айта кетейік, байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен BAQ liga – Қазақстан БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, редакциялар арасында көпір орнатып, әріптестік татулықты арттыруға бағытталған жоба. Бүгінге дейін BAQ liga Қазақстан Масс-медиасы арасында футбол додаларын өткізіп келді. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан 9 маусым өтіп, оған еліміздің 40-қа жуық бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларынан 700 шамасында журналист қатысты. BAQ liga брендімен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол біріншіліктері елордамыздан бөлек, Алматы, Талдықорған және Ақтау сынды қалаларда да ұйымдастырылды. Ал Нұр-Сұлтандағы BAQ liga шағын футбол біріншілігіне апта сайын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының да журналистері келіп қатысады. Бұл — Лиганың қарқынды дамып жатқанын және журналистер қауымы арасында маңызының артқандығының белгісі.
Ал волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымына 8 команда қатысып, тартысты өткен финалдық кездесуде «Хабар» командасын 2:1 есебімен жеңген «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі чемпион атанған болатын.
Енді екінші маусымға еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған 12 команда қатысуда. Олар «Қазақпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы, Qazaq radiolary, «Qazaqstan-Qazsport» командасы, «7 арна» телеарнасы, «Қазмедиа» орталығы, «Atameken business» телеарнасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Еуразия+ОРТ» телеарнасы, «Егемен Қазақстан» газеті, «Комментаторлар» құрамасы және «Media volleyball club» құрамасы.
Азиз Жұмаділ, «БАҚ Лига» қоғамдық қорының жетекшісі:
– Біз 12 команданы алты-алтыдан екі топқа бөлдік. Бұл жерде жеңілген команда деген болмайды. Бұл не үшін керек? Бұл бірінші кезекте спортпен айналысудан бөлек, әріптестеріміздің өзара байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыруы үшін керек. Бейресми кездесу болып отыр. Сенбі, жексенді күндерін осындай тимбилдингке арнап отырмыз.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)