Келер жылы спортшыларымыз қандай халықаралық бәсекелерде бақ сынайды
![](/img/articles/uploads/6171b3f54d278542108746_9982c6d875.jpeg)
“Келер жылы жауынгерлік өнерден және жабық ғимараттағы спорт түрлерінен (14 спорт түрі бар) Тайландтың Бангкок пен Паттайя қаласында VІ Азия ойындары, Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары (4 спорт түрінен), АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында Бүкіл дүниежүзілік ойындар (6 спорт түрінен), Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары (2 спорт түрінен), Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары (21 спорт түрінен) өтеді. Бұл жарыстарға аттанатын спортшыларымыз дайындық жұмысын қазірден бастап жатыр”, – деді ол Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жұмыс кеңесінде.
Кеңес барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы олимпиадалық даярлау орталығының директоры Андрей Могилевский биыл атқарылған жұмыс жайлы баяндады.
“Бүгінде біздің олимпиадалық даярлау орталығында 17 спорт түрінен 773 спортшы тіркелген.Олардың 98-і халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 194-і Қазақстанның спорт шебері, 453-і спорт шеберлігіне үміткер. Биылғы бекітілген күнтізбеге сәйкес, жалпы 194 іс-шара өткізілді, оның ішінде елімізде өткен 154 оқу-жаттыру жиыны, шет елдерде 17 оқу-жаттығу жиыны мен 23 халықаралық жарыс бар. Осы аралықта орталық спортшылары халықаралық жарыстарда барлығы 75 медаль жеңіп алды. Оның 21-і алтын, 23-і күміс, 31-і қола. Алдын-ала жоспар бойынша 70 медаль жеңіп аламыз деп жоспарлағанбыз. Сондай-ақ, орталықтың 7 спортшысы Жапонияда өткен Олимпиадаға қатысып, каратэші София Берульцева қола медаль жеңіп алды”, – деді орталық директоры.
![](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Астанада екінші рет «Толағай» алыптар сайысы өтті](/img/articles/d27e0aa9ef51e0c742be8b3fb98adc6b.jpeg)
![Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық палуан 3 жылға спорттан шеттетілді](/img/articles/a54d6b668863c54cb0ade1aef010f16e.webp)
![Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты](/img/articles/b5a5138f82f7f9cacf760184daf4943b.jpg)
![Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті](/img/articles/631569ffafe7fe569f847e66cbc6f06c.jpg)
![Велоспорттан Парижге баратын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды](/img/articles/40bd07bfe7b8ee523ea93acf9dd9aa45.jpg)
![Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды](/img/articles/4a726e750526656bce9ad6156ea14788.jpg)
![Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді](/img/articles/5a6e663525db68a405e664feacc01869.jpeg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)