00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алексей Луценко «Серениссима Гравел» жарысында жеңіске жетті

24.02.2023 | 16:17
Елорда ақпарат
95

Алғаш рет өткен веложарыста Әлемдік турдың 4 командасы қатысты. Алексейден бөлек, «Астана» атынан үш италиялық шабандоз - Фабио Феллине, Самуэла Баттистелла және Давиде Мартинелли өнер көрсетті. Осылайша, қазақстандық спортшы қатарынан екінші жарыста жеңімпаз атанды.

Бұған дейін Алексей Луценко біркүндік «Копа Агостони» сыйлығын жеңіп алған болатын. Оның құрамында Мануэле Боаро (Италия), Самуэле Баптистелла (Италия), Фабио Феллин (Италия), Алексей Луценко (Қазақстан), Родриго Контрерас (Колумбия), Маттео Собреро (Италия) болды.

Серениссима Гравел - бұл велосипедшілер жабайы табиғаттың қызықты бағыты бойынша жарысатын алғашқы кәсіби қиыршық тас жарысы. Жарыс жолының жалпы ұзындығы 132 шақырым құрады.

Все новости