00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа кетті ме?

24.02.2023 | 16:14
Елорда ақпарат
103

Бұл туралы Қамшыбек Қоңқабаев өзінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Бұйырса жыл соңында Алматы қаласында өтетін кезекті жекпе-жегіме дайындықты Мәскеу қаласында пысықтайтын боламын. Алла сапарымды сәтті етіп, ойдағыдай жақсы дайындықпен келіп, сіздерге жарқын жеңіс сыйлауды нәсіп етсін», – деп жазды Қамшыбек Қоңқабаев.

Қазіргі уақытта бокстан ұлттық құрама Сербиядағы Белградта он күннен кейін басталатын әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Құрама капитаны оқу-жаттығу жиынына қатысады деп жоспарланған болатын. Бірақ ол жиынға келе алмайтынын федерация басшылығын алдын-ала ескертіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында ел қоржынына қола медаль салған болатын.

Все новости