00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дамир Исмағұловтың келесі қарсыласы – ресейлік файтер

24.02.2023 | 16:12
Елорда ақпарат
58

Ресейдің Орынбор облысында туып-өскен 30 жастағы қандасымыз 2014 жылдан бері октагонда 21 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана ұтылған. Өзге бәсекелердің барлығында қарсыластарынан басым түсті. Ал 10 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Дамир 2017 жылы Ресейдегі «М-1» ұйымының алтын белбеуін иеленіп, сол атағын бірнеше рет сәтті қорғады. Содан кейін әлемдегі ең белді промоу­шен – «UFC»-мен келісімшартқа отырды. Аталмыш ұйымның мұрындық болуымен өткен жарыстарда төрт рет октагонға шығып, барлық бәсекеде жеңіске жетті.

Ал ресейлік спортшы болса, 33 жаста. Дағыстанның тумасы аралас жекпе-жектен өтетін жарыстарға 2011 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді. Бүгінге дейін айқас алаңына 18 рет шықса, 14 кездесуді айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Все новости