00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Димаш Құдайбергенге «Орман сақшысы» сертификаты берілді

31.03.2023 | 20:56
Елорда ақпарат
111

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасында тұратын жанкүйерлері Аргентинада ормандарды қалпына келтіру бойынша жобаны аяқтады. Патагония өңірінде 1 мың ағаш отырғызу акциясына әлемнің түкпір-түкпірінен фанаттар атсалысты, деп хабарлады Elorda.info dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Биылғы мамыр айында Dimash Latin Dears фан-клубы Аргентинаның Патагония өңіріндегі ормандарды қалпына келтіру үшін қаражат жинауды ұйымдастырған болатын. Бастапқыда қазақстандық әртістің жанкүйерлері 382 ағаш отырғызды. Алайда кейін екінші науқанды бастап, мақсатты 1 мың ағашқа дейін ұлғайтты.

Осылайша, Патагония аймағында 2000 жылға дейін өмір сүре алатын өте әдемі әрі үлкен қылқан жапырақты Чили араукариясының 1 мың көшеті отырғызылды.

Акция сәтті аяқталған соң Димаш Құдайбергеннің есіміне жазылған «Орман сақшысы» сертификаты берілді.

Все новости