V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/94847232_cf69_48f5_9a03_3a7d352a2206_c69a87a203.jpg)
Жиындарда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшылығы волонтерлердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі барын, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы маңызын жеткізді. Сонымен қатар волонтерлерге қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралы мәлімет жан-жақты түсіндірілді.
Жастардың еріктілер жасағы – спорттық және мәдени шаралардың маңызды бөлігі. Мейманды қарсы алу, оларға жол көрсетіп, бағыт сілтеу, шетелдіктерге аудармашы болу сияқты көзге көрінбейтін істің бәрінде волонтер жүреді. Былайша айтқанда, ерікті дегеніміз өзара риясыз көмек пен патриотизмнің, қоғамға және елге пайдалы адам болудың жарқын үлгісі. Дерек үшін айтсақ, EXPO-2017 көрмесіне 7 мыңнан астам ерікті қатысты. Қысқы Азия ойындарында да жас өрендер волонтер ретінде белсенділік танытты.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтер болуға ниет білдірушілер worldnomadgames.kz сайты арқылы «Ерікті бол» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтыруы керек. Барлық талаптан сүрінбей өткен үміткер сұхбатқа шақырылады. Волонтер жұмысына 18 жастан асқан үміткер таңдалады.
Қосымша Instagram, Tik Tok әлеуметтік желілерінде @Volunteer_nomadgameskz парақшаларынд көрсетілген. Сондай-ақ WhatsApp, Telegram-да 8 701 841 20 24 байланыс нөмірі арқылы сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті](/img/articles/c31d4ac1e3f03da0a6a731709d094682.jpeg)
![Олжас Бектенов Астана әуежайында Тәжікстан Президентін қарсы алды](/img/articles/96ffee5e3e503e4acc0adcfe83954a11.jpeg)
![Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді](/img/articles/a69a857aae94cab3998a37c9b6fd2f97.jpeg)
![Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/66aa458b2abba3cf059abdd7ae577e69.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстан Президентіне алғыс айтты](/img/articles/24da92a6c161fbe3beeb77760a2e3d2b.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды](/img/articles/23063b3c494b7621e9238157d9fda257.jpeg)
![Моңғолия Президенті Астанаға ұшып келді](/img/articles/902dfbf1e4117ed488a35417c6fd4e2d.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)