00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Президенттің Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары басталды

11.03.2024 | 08:28
164
Фото: Ақорда

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясында Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

photo1710147728.jpeg

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, - деп жазды дереккөз.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Все новости