Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы
![Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы](/img/articles/b3f1c975c755e850d48160d5afd49372.jpg)
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
«Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарында алапат су тасқыны болып жатыр. Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы. Соған сай Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беруде. Осыған дейін де айттым, жойқын су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – дәл қазір Президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет. Сондықтан мен елімізде бұрын жоспарланған халықаралық іс-шараларды қысқарту туралы нақты тапсырма бердім», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент биыл Астана халықаралық форумы өтпейтінін айтты.
«Әрине, бұл – елімізге қажет, өте маңызды жиын. Дегенмен оны кейінге қалдыра тұруға болады. Ал кезек күттірмейтін кездесулер мен іс-шаралардың жөні бөлек. Бұл ел игілігі үшін керек.Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
![Израиль премьері Джо Байденмен кездесті](/img/articles/6ac9e57035303a2f9b831e08bc0cd246.jpeg)
![Камала Харрис Трамппен пікірталасқа дайын екенін мәлімдеді](/img/articles/ed422b3dc23d41335da294594bda7603.jpg)
![Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен кездесті](/img/articles/4cd35f3a55d0d0f8acf18b5536c8a26f.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты](/img/articles/51c16f5ee230266efeaaab03bb1032a0.jpeg)
![Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті](/img/articles/6a284341e09e91e8fc763057a44a3ba2.jpg)
![Алакөл жағасында жоғалып кеткен екі бала табылды](/img/articles/827d8905972725abb2c7eeb64c8f92eb.webp)
![Жыл соңына дейін 9 мемлекеттік органның деректер базасына бағалау жүргізіледі](/img/articles/17e1c0387940afc2ccd86240246a3def.png)
![Президент жаңа заң жобасына қол қойды](/img/articles/0cd56d5d3a5ff0da57a889b27d2b412a.jpeg)
![Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады](/img/articles/668ee44021f1d47ad61251256efb29f3.png)
![Президент жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды](/img/articles/0589c43ec2015daf7ad788f5fc946c33.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тәуелсіздік күнінің мәні де, мағынасы да әрбір қазақстандық үшін қастерлі - Зулфухар Ғайыпов](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_12_14_at_10_16_54_f914179732.jpeg)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)