Президент БҰҰ делегациясын қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kz1_9561_2_1_d208464ca6.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Армида Алисджабанмен, Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчимен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен БҰҰ институттары арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Президент Астана халықаралық форумына белсенді қатысқаны үшін дипломаттарға ризашылығын білдіріп, олардың БҰҰ аясындағы ұсыныстары форум жұмысының мазмұнын байытуға үлес қосқанын айтты.
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бейбітшілікті нығайту, қауіпсіздік пен жаһандық дамуды қамтамасыз ету ісіндегі айрықша рөліне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жан-жақты реформа жүргізу қажеттігіне және осы органның өкілдігін кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.
Президент осы әмбебап ұйымның рөлін нығайту мақсатында Қазақстан БҰҰ-мен күш біріктіруге ниетті екенін растады.
Қазақстанда БҰҰ-ның 20-дан астам бөлімшесі табысты жұмыс істеп жатыр. Осы ретте Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құру маңызды екені атап өтілді. Бұл орталықтың қызметі 2030 жылға дейінгі күн тәртібін ілгерілету үшін кешенді шаралар қабылдау арқылы БҰҰ агенттіктерінің өңірдегі елдер үкіметтерімен арадағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталады.
![Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді](/img/articles/d5f8d8397373c26fcf724a7779992e7b.jpeg)
![Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді](/img/articles/7c453d9664a2173c989c7e545424dedd.jpg)
![Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады](/img/articles/0b35903dccb46432fc31488b537de428.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/99321f63e1afa28f880285f661dcb55c.jpg)
![Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтты](/img/articles/0e5a131151926021da439e2c1bcd1f49.jpg)
![Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті](/img/articles/fcaa265f945ea7e949569b00ae53cefd.jpg)
![Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады](/img/articles/c9bb0457c4934011fcd7b95c6f737167.jpg)
![Президент Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады](/img/articles/234b384ab49f7b60976387407673ccf7.png)
![Президент бірқатар заңға қол қойды](/img/articles/042c9cbc0b57c0a1628f94ebecb91404.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)
![Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні](/img/articles/1f5983c393a339941b09be95d65f51a6.jpg)