Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыруға атсалысуымыз керек – Кәрімбек Құрманәлиев
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kurman_489e809e01.webp)
Кеше, 12-ші қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесуде мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелерді талқыланды. Осы орайда Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Кешегі кездесу жұртшылықпен қатар, тіл жанашырларын да ерекше қатты қуантты. Қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы , қазақ тілінің қолданыс аясын одан әрі арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға мән беру маңыздылығына кеңінен тоқталды. Әсіресе, білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге ерекше көңіл болу керектігін астын сызып айтты,- дейді Кәрімбек Құрманәлиев.
Ұлттық құрылтай мүшесінің сөзінше, мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмысты жандандыру тапсырмасы тілші- ғалымдарға да үлкен жауапкершілік жүктемек.
Президент балаларға арналған анимациялық туындылар шығарудың, көпшілікке арналған кино өнімдері мен ғылыми-танымдық әдебиеттер қорын молайтудың да маңызы зор екеніне назар аударды. Әсіресе әлеуметтік желілерде ағартушылық бағыттағы арналар ашу, ғаламдық цифрлық платформаларды қазақшалап, тіл үйренуге мүмкіндік беретін отандық ақпараттық жүйелерді көбейту- күн тәртібіне көтерілуі керектігі көптің көңілінен шықты. Сондай- ақ, жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған іс-шараларды қолға алуды атап көрсетіп, мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмысты жандандыру тапсырмасы тілші- ғалымдарға да үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізгім келеді. Ендеше, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі арттырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған Мемлекет басшысының ұсыныстарын жүзеге асыруға атсалысу - баршамыздың парызымыз екенін ұмытпайық,- деді ол.
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті](/img/articles/c31d4ac1e3f03da0a6a731709d094682.jpeg)
![Олжас Бектенов Астана әуежайында Тәжікстан Президентін қарсы алды](/img/articles/96ffee5e3e503e4acc0adcfe83954a11.jpeg)
![Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді](/img/articles/a69a857aae94cab3998a37c9b6fd2f97.jpeg)
![Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/66aa458b2abba3cf059abdd7ae577e69.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстан Президентіне алғыс айтты](/img/articles/24da92a6c161fbe3beeb77760a2e3d2b.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды](/img/articles/23063b3c494b7621e9238157d9fda257.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)