Ерлан Қошанов Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/81d5a39b_6cfd_4194_9d0c_9948ee718f22_1ab5a36655.jpg)
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Түркияға жұмыс сапары аясында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Мәжіліс төрағасы алдымен Түркияда болған жойқын жер сілкінісі барша қазақ халқының қабырғасын қайыстырғанына тоқталып, көңіл айтты.
Сонымен бірге алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісі аумағында бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті.
Ерлан Қошанов Қазақстанның Түркиямен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты.
Бүгінгі күнге дейін достық топтар мен парламенттік комитеттер деңгейіндегі ықпалдастығымыз оң нәтиже көрсетіп келді. Сондықтан бұл қарқынымызды бәсендетпей, белсенділік танытып, осы бағытта жұмысымызды жалғастыруымыз қажет. Бұл заңнама саласында жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біз барлық бағытта белсенді қызмет етуге дайынбыз, – деді Е.Қошанов.
Кездесу соңында тараптар Мәжіліс пен Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті](/img/articles/c31d4ac1e3f03da0a6a731709d094682.jpeg)
![Олжас Бектенов Астана әуежайында Тәжікстан Президентін қарсы алды](/img/articles/96ffee5e3e503e4acc0adcfe83954a11.jpeg)
![Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді](/img/articles/a69a857aae94cab3998a37c9b6fd2f97.jpeg)
![Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/66aa458b2abba3cf059abdd7ae577e69.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстан Президентіне алғыс айтты](/img/articles/24da92a6c161fbe3beeb77760a2e3d2b.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды](/img/articles/23063b3c494b7621e9238157d9fda257.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)