00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Беларусь мемлекетінде бірыңғай дауыс беру күні өтіп жатыр

25.02.2024 | 09:30
140
Фото: delta.by

Сайлауға 294 халықаралық бақылаушы, соның ішінде саясаткерлер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың көпшілігі ТМД елдерінен келді (238 адам). Сондай – ақ, сайлау науқанының заңдылығын ЕО-дан 23 адам бақылайды. Олар: Германия, Литва, Польша, Италия, Швеция және басқа да елдер өкілдері.

Мерзімінен бұрын дауыс беру 20-24 ақпан аралығында өтті. ОСК мәліметтері бойынша, алғашқы екі күнде учаскелерге 1 миллионнан астам азамат келген. Депутаттарды сайлауда 5 күн ішінде азаматтардың 41,71%-ы дауыс берді. Дауыс беруде республика жастары белсенділік танытты. Бірыңғай дауыс беру күні азаматтар Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының 110 депутатын және жергілікті депутаттар кеңесінің 12 514 депутатын сайлайды.

IMG_0229_result-1-2-2.jpg

Қазіргі сайлау науқанының ерекшелігі - елеулі сыртқы саяси сын-қатерлер аясында өтуінде. Мұндай жағдайда сайлау тек өкілді органдардың қалыптасуы ғана емес, сонымен бірге Беларусь халқының шоғырлануы мен қоғамдық бірлігінің әмбебап механизмі болып табылады. Біздің алдымызда басты міндет – Беларусь жерінде бейбітшілік, қауіпсіздік және әлеуметтік әділеттілік құндылықтарын барынша қамтамасыз ететін және қорғайтын ұлттық саяси жүйені құру тұр. Бұл міндет посткеңестік мемлекеттердің көпшілігі үшін, оның ішінде бауырлас Қазақстан үшін де маңызды болып табылады. Сондықтан халықаралық байқаушылар қатарында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Президент Әкімшілігінің және Орталық сайлау комиссиясының қазақстандық өкілдері де бар екені кездейсоқ емес. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Минскіде Беларусь ОСК төрағасы Игорь Карпенкомен кездесуде атап өткендей, Беларусь ОСК өкілдері Қазақстанға сайлау науқандарын бақылауға келді және бұл үлкен қолдау, - деп атап өтті Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин.

Айта кетейік, арнайы сайлау учаскелерінде 08:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беруге болады. Сонымен қатар, сайлаушының орналасқан жері бойынша дауыс беру ұйымдастырылды. Сайлау учаскесіне жеке өзі келе алмаған жағдайда азамат учаскелік комиссияға, оның ішінде сайлау күні (сағат 18:00-ге дейін) өзінің орналасқан жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтінішпен жүгіне алады. Үй жағдайында тек 25 ақпанда дауыс беруге болады.

Сабина Арыстан

Все новости