Қазақстан қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін қолдауға дайын — Смайылов
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/3_7ba400a11e.jpeg)
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қырғызстан – еліміздің стратегиялық әріптесі және бауырлас мемлекет.
«Мемлекет басшыларымыздың саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінде қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шықты», — деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Былтырғы тек 11 айда өзара сауда 12%-ға өсіп, $1,3 млрд-қа жетті. Оған қоса Қазақстан мен Қырғызстан арадағы тауар айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу жұмысын жалғастыруда.
«Бұған Үкіметаралық кеңес және Өңіраралық ынтымақтастық форумы сияқты екіжақты ынтымақтастық тетіктерінің тиімді жұмысы ықпал етуде. Қазақстан Үкіметі әрі қарай да барлық бағыт бойынша қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін қолдауға дайын», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Ақылбек Жапаров Қырғызстан мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынасы арадағы саяси диалогтың жоғары деңгейінің дәлелі екенін атап өтті.
«Жыл сайын өзара сауда-саттық пен инвестициялар көлемі артып, іскерлік, ғылыми және мәдени байланыстар жандануда. Үкіметаралық кеңес аясында қырғыз-қазақ ынтымақтастығының ортақ стратегиялық мақсаттары, тұжырымдамалық тәсілдері мен ұзақ мерзімді даму бағыттары талқыланып жатыр. Екі ел арасындағы белсенді өзара іс-қимыл түрлі алаңдарда жүзеге асуда», — деді ол.
Ақылбек Жапаров қырғыз тарапының өзара сенім мен түсіністікке негізделген Қазақстанмен арадағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу барысында үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономикалық және мұнай-газ салаларындағы мәселелердің кең ауқымын қарастырды.
Сонымен қатар тараптар қысқа мерзімде қазақ-қырғыз шекарасында жүк көлігі үшін қосымша өткізу бекетін ашу мәселесін пысықтауға, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті](/img/articles/c31d4ac1e3f03da0a6a731709d094682.jpeg)
![Олжас Бектенов Астана әуежайында Тәжікстан Президентін қарсы алды](/img/articles/96ffee5e3e503e4acc0adcfe83954a11.jpeg)
![Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді](/img/articles/a69a857aae94cab3998a37c9b6fd2f97.jpeg)
![Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/66aa458b2abba3cf059abdd7ae577e69.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстан Президентіне алғыс айтты](/img/articles/24da92a6c161fbe3beeb77760a2e3d2b.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды](/img/articles/23063b3c494b7621e9238157d9fda257.jpeg)
![Моңғолия Президенті Астанаға ұшып келді](/img/articles/902dfbf1e4117ed488a35417c6fd4e2d.jpeg)
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](/img/articles/4f72ae99488de9b14cac91cf06c83c96.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді](/img/articles/d5f8d8397373c26fcf724a7779992e7b.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)