00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан халқын құттықтады

15.08.2023 | 04:10
131
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді.

Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Мемлекет басшысы Нарендра Модидің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Все новости