Шет мемлекеттердің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Рамазан айының басталуымен құттықтады
![](/img/articles/uploads/64259a0fb9d48286876918_957e41cd07.jpeg)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз құттықтауында ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ортақ қазақ және өзбек халықтары Рамазан айын бейбітшілік пен тыныштықта, өзара құрмет пен бірлік рухында қарсы алып жатқанын жазды.
Соңғы жылдары біздің өзара күш-жігеріміз бен жақын достық байланыстарымыз бауырлас халықтар арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынасты жаңа деңгейге көтерді. Бұл ортақ нәтиже біздің өңірдің өркендеуіне үлес қосып келеді. Осынау қасиетті күндері мен Жаратушыдан Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еліңізді дамытып, көркейту жолындағы қызметіңізге табыс, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін, – деп жазылған Өзбекстан Президентінің жеделхатында.
Сауд Арабиясының Королі – Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл СаудҚасым-Жомарт Тоқаевты қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, бақыт тіледі. Сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі дамып, гүлдене беруіне тілектестік білдірген.
БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық, бақыт, ал қазақстандықтарға – бақ-береке тілеп, жылы лебізін жолдаған.
Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни Мемлекет басшысына денсаулық пен игілік, ал Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруін тілеген және елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізген.
Сонымен қатар Мемлекет басшысын Иран Президенті Ибрахим Раиси, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Мемлекеті Әмірінің орынбасары Абдалла бен Хамад Әл Тани, Марокко Королі VI Мұхаммед, Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис Әл Манфи, Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббасқұттықтады.
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](/img/articles/4f72ae99488de9b14cac91cf06c83c96.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді](/img/articles/d5f8d8397373c26fcf724a7779992e7b.jpeg)
![Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді](/img/articles/7c453d9664a2173c989c7e545424dedd.jpg)
![Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады](/img/articles/0b35903dccb46432fc31488b537de428.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/99321f63e1afa28f880285f661dcb55c.jpg)
![Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтты](/img/articles/0e5a131151926021da439e2c1bcd1f49.jpg)
![Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті](/img/articles/fcaa265f945ea7e949569b00ae53cefd.jpg)
![Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады](/img/articles/c9bb0457c4934011fcd7b95c6f737167.jpg)
![Президент Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады](/img/articles/234b384ab49f7b60976387407673ccf7.png)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)