Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасына бірқатар тапсырма берді
![](/img/articles/uploads/63fdeeb42120b945010035_4e4b921b30.jpg)
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының былтырғы өндірістік жұмыстарының негізгі қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Берілген мәліметке сәйкес компания көмірсутектерді өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізді. Биыл «ҚазМұнайГаз» 23 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр.
Президентке Өзен кен орнын оңалту жөнінде де есеп берілді. Бұл жобаның экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар.
Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту перспективалары туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде перспективті жаңа жобаларға инвестиция белсенді түрде тартылып жатыр.
Мемлекет басшысына «жасыл жобаларды» дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.
«ҚазМұнайГаз» басшысы компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе, көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](/img/articles/4f72ae99488de9b14cac91cf06c83c96.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді](/img/articles/d5f8d8397373c26fcf724a7779992e7b.jpeg)
![Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді](/img/articles/7c453d9664a2173c989c7e545424dedd.jpg)
![Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады](/img/articles/0b35903dccb46432fc31488b537de428.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/99321f63e1afa28f880285f661dcb55c.jpg)
![Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтты](/img/articles/0e5a131151926021da439e2c1bcd1f49.jpg)
![Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті](/img/articles/fcaa265f945ea7e949569b00ae53cefd.jpg)
![Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады](/img/articles/c9bb0457c4934011fcd7b95c6f737167.jpg)
![Президент Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады](/img/articles/234b384ab49f7b60976387407673ccf7.png)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)