00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Астанаға не үшін келе жатқаны белгілі болды

31.03.2023 | 23:35
Елорда ақпарат
124

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанадағы жұмыс жоспары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ол 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болатынын түсіндірді. Астанада Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізеді.

Сол күні Астанада Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер министрлерінің С5+1 форматындағы кездесуі өтеді. Бүгінге дейін Орталық Азия елдерінің барлық сыртқы істер министрі кездесуде Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және лаңкестікпен күрес саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған. Бүгінде С5+1 тетігі өзін Орталық Азияның көпқырлы дамуын қамтамасыз етуде аймақтық ынтымақтастыққа ықпал ететін тиімді дипломатиялық алаң ретінде танытты, - деді СІМ ресми өкілі.

Все новости