00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елімізге БҰҰ өңірлік орталығының басшысы келеді

31.03.2023 | 22:28
Айман Нығмет
82

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингінде ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2-3 ақпан аралығында Наталья Герман Орталық Азия үшін Превентивті дипломатиясы жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының басшысы ретіндегі миссиясының аяқталуына және БҰҰ Терроризмге қарсы күрес комитетінің атқарушы директоратының атқарушы директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Орталық Азия елдері бойынша қоштасу туры шеңберінде Қазақстанға келеді. Астанада ҚР СІМ басшылығымен кездесулер жоспарлануда. Тараптар Орталық Азия елдері мен БҰҰ Өңірлік орталығы арасында қалыптасқан көпжылдық әріптестік пен сенімге негізделген БҰҰ шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін профилактикалық дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтуды талқылауды жоспарлап отыр, - деп айтты ведомствоның ресми өкілі.

Все новости