«Путинді қолдаймын!»: Депутат Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды
![](/img/articles/uploads/63c8f11568ac6623767468_4e729cb67d.jpeg)
«Ақ жол» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Украина мен Ресей арасындағы соғысты «арнайы операция» деп атап, Путинді қолдайтынын айтып, сұхбат берген еді. Енді осы сөзі үшін оны партия қатарынан шығарып жіберді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Оқи отырыңыз: Ресей әскерлерінің өмірін сақтандыру үшін шамандарға жүгініп жатыр (ВИДЕО)
«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық Кеңесі Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың мәселесін қарады.
Бүгін 2023 жылы 19 қаңтарда «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті.
Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.
Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы екеніне, партиялық және депутаттық этиканы да бұзғанына баса назар аударды.
Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, «Ақ жол» партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.
Ұлттық кеңес:
1. А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады.
2. «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығарылғанына байланысты
А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады, – деп жазды Қазыбек Иса.
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті](/img/articles/c31d4ac1e3f03da0a6a731709d094682.jpeg)
![Олжас Бектенов Астана әуежайында Тәжікстан Президентін қарсы алды](/img/articles/96ffee5e3e503e4acc0adcfe83954a11.jpeg)
![Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді](/img/articles/a69a857aae94cab3998a37c9b6fd2f97.jpeg)
![Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/66aa458b2abba3cf059abdd7ae577e69.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстан Президентіне алғыс айтты](/img/articles/24da92a6c161fbe3beeb77760a2e3d2b.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды](/img/articles/23063b3c494b7621e9238157d9fda257.jpeg)
![Моңғолия Президенті Астанаға ұшып келді](/img/articles/902dfbf1e4117ed488a35417c6fd4e2d.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)