Қорғаныс министрлігі «Айбалта-2022» оқу-жаттығуының қорытындысын шығарды
![](/img/articles/uploads/63635895505a3501403376_b00df1cb93.jpg)
Қорғаныс ведомствасының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңес өткізіп, онда осы жылдың тамыз-қазан айларында өткен «Айбалта-2022» стратегиялық оқу-жаттығуының негізгі қорытындылары қаралды, деп хабарлады Elorda.info.
«Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қарулы Күштер Бас штабының бірыңғай жоспары бойынша еліміздің бүкіл өңірінде өтті. Бірінші кезеңде жоспарлар нақтыланып, күштік құрылымдардың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы ұйымдастырылды, запастағы әскери қызметшілер шақырылып, жұмылдыру оқу-жаттығулары өткізілді.
Екінші кезеңде Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдері оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтарда көзделген жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындады. Маневрлердің соңғы белсенді кезеңінде бірқатар жедел-тактикалық, тактикалық, ұшу-тактикалық, тактикалық-арнайы және арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Одан өзге, «Айбалта-2022» стратегиялық оқу-жаттығуы аясында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттерін жасақтау арқылы «Өзара іс-қимыл» командалық-штабтық оқу-жаттығуы, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу» және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ететін «Эшелон» арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.
Қорытындылай келе, Қорғаныс министрі әскери басқару органдары мен әскерлерді даярлауды одан әрі жетілдіру қажет деді.
Жаттығулардың қорытындысы бойынша әрбір командир қызметтің мәнісін түсініп, басты күшті қайда бағыттау керектігін түсінді деген сенімдемін. Әлемдегі шиеленіскен жағдайға байланысты әркез кәсіби біліктілігімізді арттырып қана қоймай, ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын толықтай іске асыра отырып, әскерлерді пайдаланудың жаңа әдіс-тәсілдерін табуға тиіспіз. – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
«Айбалта-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының нәтижесіне қарай жасалған қорытындылар Қарулы күштердің дайындығын одан әрі жоспарлау және жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыру барысында ескерілетін болады.
![ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді](/img/articles/4f72ae99488de9b14cac91cf06c83c96.jpeg)
![Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді](/img/articles/d5f8d8397373c26fcf724a7779992e7b.jpeg)
![Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді](/img/articles/7c453d9664a2173c989c7e545424dedd.jpg)
![Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады](/img/articles/0b35903dccb46432fc31488b537de428.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Қазақстан мен Беларусь мәдени ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/99321f63e1afa28f880285f661dcb55c.jpg)
![Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтты](/img/articles/0e5a131151926021da439e2c1bcd1f49.jpg)
![Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті](/img/articles/fcaa265f945ea7e949569b00ae53cefd.jpg)
![Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады](/img/articles/c9bb0457c4934011fcd7b95c6f737167.jpg)
![Президент Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады](/img/articles/234b384ab49f7b60976387407673ccf7.png)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)