00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

ТМД қарулы күштері штабтар бастықтарының кеңесі өтті

31.03.2023 | 18:07
Елорда ақпарат
74

Генерал-лейтенант Марат Құсайынов Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен ТМД-ға мүше елдердің қарулы күштері Штабтар бастықтары комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес барысында әскери-саяси ахуал талқыланды. ТМД-ға мүше елдердің қарулы күштері Бірлескен гуманитарлық инженерлік минасыздандыру бөлімшелерін материалдық-техникалық жабдықтау мен олардың іс-әрекет қағидалары, біріккен бақылау жүйесін дамыту, радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды бағалау жөнінде іс жүзінде атқарылатын шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.

Кездесуге қатысушылар сонымен қоса Қорғаныс министрлері кеңесінің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылап, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі әскерлерінің «Жауынгерлік достастық – 2023» оқу-жаттығуын ұйымдастыру мәселелерін қарады.

Все новости