00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Халықаралық байқаушы: Референдумға қатысушылар белсенділігі жоғары

25.02.2023 | 08:07
Елорда ақпарат
37

Елородадағы халықаралық ақпарат орталығында өткен брифингте Қазақстандағы референдумға байқаушы ретінде қатысушы, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Әбдіжапар Бекматов өз пікірін  білдірді.

Бұл референдум қазақстандықтар үшін үлкен саяси іс-шара болып есептеледі. Елдің ең басты құжаты – Конституцияға маңызды өзгерістер енгізіледі. Бүгін таңертеңнен бері бірнеше сайлау учаскесін барып көрдік. Қай-қайсысында болсын, байқаушыларға да, дауыс берушілерге де жақсы жағдай жасалған, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар мен арнайы кабиналар қойылған. Халықтың белсенділігі өте жоғары, олардың бұл маңызды оқиғадағы өздерінің жауапкершілігін сезінетіні байқалады, – дейді байқаушы.

Екі күнге созылатын аталған брифингте сонымен қатар Халықаралық Түрік академиясының вице-президенті Физули Маджидли, осы академияның аға сарапшысы Тимур Козырев, Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, Жоғары мәртебелі доктор Монтасыр Абузейд, Тәжікстан Республикасы Мәжілісінің Оли Парламенттік этика жөніндегі Мәжіліс Намоямдагон комиссиясының төрағасы Баротзода Барот Файзулло және басқа да халықаралық байқаушылар сөз сөйлеп, Қазақстандағы референдумның өту барысына баға беретін болады.

Райхан РАХМЕТОВА

Все новости