00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Жаңа Әдеп кодексінде қандай өзгерістер болды

25.02.2023 | 03:44
Елорда ақпарат
127

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында және кейіннен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысы "жаңа тәсілдерді" енгізуді және Мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін қайта жүктеу қажеттілігін талап ететінін атап өтті.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен біздің күнделікті өміріміздегі факторлар мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тәсілдерді талап етеді. Оларды мемлекеттік басқаруда жүзеге асыру жаңа Қазақстанды құру жолындағы негізгі фактор болып табылады.

Осыған байланысты, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жақсарту бойынша жаңа міндеттер туындады.

Ол үшін адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп талаптарын дұрыс түсіну және қолдану үшін маңызды мәнге ие. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-тегеуріндерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды.

Егер ескі редакциядағы Әдеп кодексі Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптарды да, олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттарын да біріктірсе, жаңа редакцияда бұл қағидат этикалық талаптарды мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына қатысы жоқ өзге ережелерден бөлу есебінен жетілдірілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады.

Кодексте агенттіктің және оның аумақтық органдарының рөлі, қызметтік этиканы бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жетілдірілді.

Осы мақсатта, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, Әдеп жөніндегі комиссиялар мен кеңестердің бұзушылықтардың алдын алу және олардың профилактикасы жөніндегі жұмысы жандандырылуда.

Сондай-ақ, өзгерістер Кодекстің құрылымына да әсер еткенін, жаңа тарау – "Мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары" пайда болғанын атап өткен жөн.

Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы алты қағидатқа негізделеді.

Бұл – адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағыттаушылық.

Айта кету керек, мұндай талаптар мемлекеттік қызметшілерге бұрынғы кодексте де қойылған. Бірақ, жаңа кодексте ашықтық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына тұтастай бағдарлана отырып, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Кодекске енгізілген түзетулер сервистік, ашық және халық үшін қолжетімді мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ықпал етеді деп үміттенеміз.

Все новости