00:00
Астана -10oC
USD:
457.98
EUR:
490.86
RUB:
5.26
Поиск

Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр

13.10.2023 | 05:00
203
Фото: Сәкен Есіркеп

Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында Президент мемлекеттік тілді дамыту үшін бірнеше бағыттарда нақты да, нәтижелі жұмыс қажет екенін тапсырды. Осы орайда елдегі қазақ тілін дамыту үшін тағы нені қолға алу керек? Elorda.info тілшісі Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің осы жөніндегі пікірін білді. 

Президенттің Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысын қабылдауын жақсы үрдіске баладым. Бұл қоғамды ана тіліміздің өркендеуіне атсалысып жүрген, тілдік капиталды қалыптастыруды өзіндік миссиясы ретінде бекіткен ұйым ретінде білеміз. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы да соңғы екі жылда аталған ұйыммен, оның елордалық филиалымен қоян-қолтық қызмет атқарып, «Көрнекі» деп аталатын арнайы жобаны жүзеге асырып келеді. 

Заман бір орнында тұрмайды. Тілді дамытуға, оны күнделікті қолдануға арналған әдіс-тәсілдер де үнемі жаңарып, жетіліп отыруы тиіс. Кеңестік Қазақстанда, тіпті Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық ақпарат газет, журналдар арқылы таралып отырса, қазір мұның орнын, негізінен, интернет платформалары басты. 

Бұрын әр қазақтың қолында, қалтасында бүктелген газет жүрсе, бүгін алақандай смартфонға әлемдегі бүкіл ақпарат сыйып тұр. Сондықтан Президенттің интернеттегі контентке баса көңіл аудару жайлы тапсырмасы орынды әрі заман талабынан туындаған ұсыныс деп білемін. Интернетке үңілген балақайларға қазақ тілінде дұрыс, пайдалы ақпарат көбірек берілсе, ана тілінде сөйлейтін жаңа буынның көбейері анық, - дейді қалалық басқарма басшысы.   

Спикер сонымен қатар, Президент айтқан тіл тазалығы туралы мәселенің де өте орынды екеніне тоқталды. 

Тілдің тазалығы, сауатты сөйлеп, дұрыс жаза білу де бүгінде өзекті мәселеге айналды. Кездесуде осы мәселе де орынды көтерілген. Сондықтан аталған кездесуде көтерілген осы және өзге де мәселелерді бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара орындауға қолдан келгенше жұмылайық, ағайын! - деді Сәкен Есіркеп.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Все новости