00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астаналық ұландар Президент Жолдауын талқылады

01.09.2023 | 13:00
139
Фото: дереккөз

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери қызметшілері Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын тікелей эфир арқылы тамашалап, өзара талқылады, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шара акт залында өткізілді, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы үлкен экранда көрсетілді.

Ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту қажеттігін жеткізді.

Оның пікірінше, қару-жарақ пен әскери техниканың импорттық жеткізілімдеріне тәуелділікті азайту үшін локализацияның жоғары үлесі бар өндіріс циклін құру маңызды міндет болып отыр.

Техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсеткен жөн. Бізде оған қажетті материалдық-техникалық база, білік пен тәжірибе және мамандар бар. Тек оларға құзырлы мекемелердің тапсырысы керек. Заманауи технология трансфертін жасау және жаңа өндірістер ашу жұмысын жалғастырған жөн. Арнаулы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры арқылы өз кәсіпорындарымызға тікелей қаржылық қолдау көрсетіледі, - деп атап өтті Президент.

Жолдау бойынша Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов жалпылама түсінік берді.

Жолдауда көрсетілген ел дамуының негізгі бағыттарын баяндай отырып, генерал-майор Қайрат Үмбетов Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан саясатының маңыздылығын атап өтті. 

Президенттің Жолдауы әділ Қазақстанды құруға бағытталған. Алайда, бұл үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Ең алдымен, азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгерту қажет, - деп түйіндеді сөзін құқықтық тәртіп әскерлерінің бас тәрбиешісі Қайрат Үмбетов. 

Бүгінде елімізде конституциялық және қоғамдық тәртіп үстемдік құрған. Оның сақталуы мен қазақстандықтардың бейбіт ғұмыр кешуіне ұландық жауынгерлер тікелей атсалысады.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Әкім жолдауды іске асыру жоспарын әзірлеуді тапсырды
04.09.2023 | 09:21
Әкім жолдауды іске асыру жоспарын әзірлеуді тапсырды
Жолдауда айтылған көптеген бастама іске асты – депутат
05.09.2023 | 11:00
Жолдауда айтылған көптеген бастама іске асты – депутат
Все новости