00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Жеңіс Қасымбек астаналықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

21.04.2023 | 11:54
121
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтар мен қала қонақтарын Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!   

Барша мұсылмандарды қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мейрамы халқымыз үшін діни ғұрып қана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам. 

Бұл қастерлі күнде баршаңызға рухани күш-жігер, жарқын көңіл, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін! 

Қасиетті Ораза айт мейрамы арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілігін әкелсін!   

Ораза айт құтты болсын! - деп жазды қала әкімі.

Все новости