00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді

Елордада «KITAPHANA FEST-2024» кітап фестивалі өтеді
Фото:дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында «Астана – біздің рухани ордамыз!» атты «KITAPHANA FEST» - 2024 ауқымды кітап фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шара 5 шілде күні сағат 11:00-де Қаламгерлер аллеясында ұйымдастырылмақ. 

«KITAPHANA FEST» кітап фестивалі – 2019 жылдан бері өткізіліп жатқан қалалық ауқымдағы тұңғыш кітап фестивалі. Бүгінгі таңда фестиваль аясында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітаптың тұсауы кесілді», - делінген хабарламада. 

Іс-шараның мақсаты – мәдени іс-шара арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін көтеру, белгілі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастыру.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде танылған көрмеде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен кітаптар ұсынылатын болады. Фестиваль аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар іс-шараға Сәуле Досжан, Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ, Динара Оспанова сынды және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысады. Фестиваль аясында қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламалары күтеді.

Все новости