00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

«Жаңа адамдар» елордадағы «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірін безендірді

02.05.2023 | 14:56
76
Фото: дереккөз

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Қазақстан халқының бірлігі күні елордадағы «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірін безендірді, деп хабарлады Elorda.info ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

жаа1.jpg

Біз «Бірлік көпірі» мадоннариін салдық. Каллиграф Тамерлан Кияров бір суретке Қазақстанда тұратын 50 этникалық топтың атын біріктірді. 7 метрлік кескіндер Қазақстан халқының көп мәдениеттілігі мен бірлігін бейнелейтін шеңберлерден тұрады. Композицияның ортасында жаңа, әділ Қазақстанның қағидаттарын еске салатын «Бірлік» және «Ынтымақ» сөздері жазылған. Бұл бір шаңырақ астында, бір дастархан басында, бәріміз бірге өмір сүре аламыз дегенді білдіреді. Сондықтан да, мадоннари шеңбер түрінде бейнеленген.

Жаңа арт-объект елорда тұрғындары мен қала қонақтарының тартылыс нүктесіне айналады, сондай-ақ жастардың мәдени, саяси және шығармашылық дамуына ықпал етеді деп сенеміз, - дейді «Жаңа адамдар» ұйымының белсендісі Алина Сидоренко.

 

Все новости