00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Жеңіс Қасымбек астаналық дарынды оқушылармен кездесті

01.06.2024 | 14:21
Олжас Сүлейменов
146
Жеңіс Қасымбек астаналық дарынды оқушылармен кездесті
Фото: дереккөз

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Әрбір бала дарынды және талантты. Әр отбасыға, әр балаға зор денсаулық, амандық және бастамаларына сәттілік тілеймін!

Балаларымыз бен олардың ата-аналарына мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Әрбір ауданда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр, оның барысында бүгін тағы 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашып жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ қала әкімі «Елорда дарындары» республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

Оқушылардың жеңістері – олардың тоқтаусыз ізденісінің, сол сияқты ұстаздары мен ата-аналарының қолдауының нәтижесі. Әр баланың өмірден өз жолын табуы, таланты мен қабілетін, әлеуетін барынша аша білуі өте маңызды.

Мемлекет басшысы айтқандай, «жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау мемлекеттің басты басымдығы саналады».

Біз не істесек те, балаларымыздың игілігі үшін жасаймыз. Өйткені, Қазақстанның болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Мереке құтты болсын! Жас ұрпақтың шығар шыңдары, бағындырар белестері көп болсын! – деді Ж.Қасымбек.

Все новости